» » Ата Заңға енгізілген кейбір түзетулер ел мен жерге не береді?

Ата Заңға енгізілген кейбір түзетулер ел мен жерге не береді?

12-03-2017, 21:05

Жалпыхалықтық талқыдан өтіп, қайнауы жеткен өзгерістер мен толықтырулар Конституцияға енді. Ата Заңның жаңа редакциясына сай, күшті Президенттік билік сақталады.

Алайда, Парламент пен Үкіметке үлкен жауапкершілік жүктелейін деп тұр. Мұның бәрі сәт санап өзгеріп жатқан заман талаптарына сай жүзеге асты. Жалпы, өткенге өкпе жоқ. Ширек ғасырда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіріп, экономикалық қор қалыптастырып, іргемізді бекітіп алдық.

Халықаралық аренада да беделіміз биік. Азаттық алғаннан бастап алдымен, экономикаға мән бердік, іргелі реформалар арқасында саланы түлеттік. Енді саяси реформаларға бетбұрдық. Саяси өзгерістерге тұрақтылығымызды тұғырлы ете отырып, бірлігімізді бекемдей отырып, алыс-жақында болып жатқан оқиғалардан сабақ ала отырып, эволоюциялық жолмен қадам бастық.

Төрттен бір бөлігіне өзгеріс жасалған Конституцияның басты ерекшеліктері де осында. Тұтастай алғанда, басты құжаттың 25 бабына 33 түзету енгізілді. Саяси жүйеде соны серпілістер жасау үшін Ата Заңға енгізілген кейбір түзетулер ел мен жерге не береді?

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ
скачать dle 10.6фильмы бесплатно

228-рет оқылды
Басып шығару
Пікірлер0
Пікір қосу
Сіздің пікіріңіз:
Суреттегі кодты теріңіз:*
Түсініксіз болса суретті шертіңіз