» » Елімізде Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылды

Елімізде Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылды

11-12-2015, 20:07

Елімізде Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін құру туралы

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 3), 5) тармақшаларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган ретінде оған таратылып отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мүлкін және істерін басқару функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құрылсын.

Министрлік үшін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жаңа моделін іске асыру және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу басым міндеттер етіп айқындалсын.

2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді негізгі функциялары етіп айқындап, Министрліктің құрылымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл ұлттық бюросы құрылсын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.скачать dle 10.6фильмы бесплатно

506-рет оқылды
Басып шығару
Басқа жаңалықтар:
Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күнін жетісулық жастар түрлі акциялармен атап өтті

Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күнін жетісулық жастар түрлі

Қоғам
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ  міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ міндет

Қоғам
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ  міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ міндет

Қоғам
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Мемлекет басшысының Ұлттық баяндамасы жинақталады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Мемлекет басшысының Ұлттық баяндамасы

Негізгі / Қоғам
Бүгін Парламентте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қаралды

Бүгін Парламентте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң

Негізгі / Қоғам
Пікірлер0
Пікір қосу
Сіздің пікіріңіз:
Суреттегі кодты теріңіз:*
Түсініксіз болса суретті шертіңіз